Жаңалықтар

Белбеу күресінен 23 ж.д. ҚР Чемпионаты !

   Павлодар қаласында 2017 жылдың 21-25 маусым аралығында   Белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарысқа 170-тен аса спортшы қатысып бақтарын сынады. ҚРЧ-на ОҚО, БҚО, СҚО және Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Астана т.б. қалаларынан мықты спортшылар ат салысты. Осы жарыста І орынды иеленген спортшыларға Спорт Шебері атағы берілді, сол себепті спортшылар жоғары деңгейде дайындалып келді. Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі метебіміздің намысын қорғаған спортшыларымыз келесі нәтижелерді көрсетті: 1 спортшымыз жеімпаз атанып СШ атағына ие болса, 2 спортшымыз ҚРЧ жүлдегерлері атанды.

    Курбанкулов Ауезхан – 68 келі салмақ дәрежесі І орын;

    Абдрахманов Мадияр – 100 келі салмақ дәрежесі ІІ орын;

    Габдулина Фариза – 63 келі салмақ дәрежесі ІІІ орын;

Спортшыларымызды Құттықтаймыз !

Ұқсас мақалалар

Back to top button