Жаңалықтар
Астаналық жүзушілер Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 17–21 шілде күндері Тайландтың Бангкок қаласында жүзуден жас ерекшелік топтары арасындағы 12-ші Азия чемпионаты өтті.
Құрлықтық додаға 33 елден 627 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған чемпионатта елорда спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасы сапында жүлдеге қол жеткізді.
Александр Миронычев 3 күміс медаль иеленді. Ол 50 метр баттерфляй әдісімен жүзуде, 50 метр еркін жүзуде және 4×100 метр кешенді эстафетада екінші орынға ие болды.
Айжан Туребаева 4×100 метр кешенді эстафетада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды.
Астана қаласының спортшылары мен олардың жаттықтырушыларын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!





