Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы қол күрестен Әлем чемпионатында 1 орында!

12-21 қазан Түркияда қол күрестен Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 50 елдің ішінен 1215 спортшы қатысты. Қазақстан құрама командасы мүшесінде толағайшылар 4 жүлдеге: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдарға ие болды.
Нәтижесі:
Дзеранов Георгий – ҚР Еңбегі сіңген Спорт шебері, 1 орын сол қолмен, 100келі салмақта;
Мұратов Алимжан – ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1 орын сол қолмен, 2 орын оң қолмен, 80келі салмақта;
Рахманкулов Арман – ҚР Спорт шебері, оң қолмен күресте қола жүлде иегері, 85 келі салмақта.
Жоғары көрсеткішпен алға шығып, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жастар арасында 1 орынға, ересектер арасында 2 орынға ие болды.
Спортшыларды және жаттықтырушылары, ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Майнышевич Асаиновты құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз! 

#armrestlingsport@kazsport@shvsmtolagai@madeniet_sport.astana#

Ұқсас мақалалар

Back to top button