Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша іс-шарасы өтті.
Бүгін, 3 желтоқсан «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінде мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша іс-шарасы өтті. Мектеп басшысы бастап мектеп қызметкерлері қатысқан іс-шара шеңберінде көптеген пікірлер айтылып, алдағы жоспарлар қамтылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қоғамның барлық маңызды салаларын қамтиды.
2020 жыл «еріктілер жылы»деп жарияланды. Азаматтардың волонтерлік қызметке, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу саласын кеңейту, олардың белсенді өмірлік ұстанымдарына дағдыларын қалыптастыру.
Бұл азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі біздің жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі.
Спорт қызметкерлерінің назары Президент тарапынан халықтың жас топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.