Астаналық боксшылар ел чемпионатында үздік үштікке енді

Астаналық боксшылар ел чемпионатында үздік үштікке енді
2026 жылдың 16–22 қараша күндері Астана қаласында 2009–2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының былғары қолғап шеберлері қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары 2 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды.
65 келі салмақ дәрежесінде Досжан Жұмахан Алматы қаласының боксшысы Эмир Мұхитты 3:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар, Досжан ел біріншілігінің «Үздік боксшы» номинациясымен марапатталды.
90 келі салмақта Сабыржан Сағым финалдық кездесуде Жетісу облысының спортшысы Рамазан Қазынабайдан 5:0 есебімен басым түсіп, алтын медаль иеленді.
Ал 50 келі салмақта өнер көрсеткен Ален Мұхитұлы финалда Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Арман Мырсабитке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Астаналық боксшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
📸 Қазақстан бокс федерациясы






