Елордалық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

2026 жылдың 3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 400-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тартысты өткен жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
🏆 Қазақстан чемпионатының жеңімпазы:
🥇 Мейіржан Сламшиков — +100 кг.
🥈 Күміс жүлдегерлер:
🥈 Дәулеткерей Сейфіл — 81 кг дейін;
🥈 Жасұлан Халхабаев — +100 кг;
🥈 Амина Ақжол — 78 кг дейін.
🥉 Қола жүлдегерлер:
🥉 Айдана Қоженер — 57 кг дейін;
🥉 Арман Біләлханов — 90 кг дейін.
Осылайша елордалық дзюдошылар ел біріншілігінде шеберліктерін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын жүлделі нәтижелерімен құттықтаймыз!





