Жаңалықтар

Астана таеквондошылары Катардағы халықаралық жарыста үздіктер қатарынан көрінді

2026 жылдың 18–21 қазан күндері Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында таеквондодан (WT) кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында VI халықаралық ашық чемпионат — 6th Qatar Open Taekwondo Championship 2026 өтті.

G-1 санатындағы халықаралық додаға әлемнің 46-дан астам елінен 1152 спортшы қатысты.

Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары табысты өнер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

🥇 Тимур Рахпанов — 68 кг, алтын медаль;

🥈 Омар Жанбиров — 63 кг, күміс медаль;

🥉 Аяжан Танжарык — 63 кг, қола медаль;

🥉 Мирас Исенгелдин — 68 кг, қола медаль.

Айта кетейік, G-1 санатындағы халықаралық жарыстарда спортшылар әлемдік рейтингке есептелетін ұпайлар жинауға мүмкіндік алады.

Елордалық спортшылар мен олардың бапкерлерін жүлделі нәтижелерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button