Жаңалықтар
Астана спортшылары байдарка мен каноэде есуден Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетті

2026 жылдың 12–20 қазан күндері Шымкент қаласында байдарка мен каноэде есуден марафон бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.
18 жасқа дейінгі спортшылар арасында, каноэ, 10 000 метр:
🥇 Ясмина Аяпбергенова — 1-орын;
🥈 Дарья Гришина — 2-орын.
Ересектер арасында, каноэ, 10 000 метр:
🥈 Ольга Сурмина — 2-орын.





