Жаңалықтар
Астаналық мергендер ел кубогы мен Садақшылар лигасында үздіктер қатарынан көрінді

2026 жылдың 10–14 қазан күндері Алматы қаласында садақ атудан ересектер мен жастар арасындағы Садақшылар лигасының, сондай-ақ ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогының финалдық кезеңдері өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Садақшылар лигасының финалдық кезеңі:
🥇 Байбатчина Айлин — классикалық садақ, U18;
🥉 Мусабек Дамели — классикалық садақ, U18.
Қазақстан кубогының финалдық кезеңі:
🥈 Байбатчина Айлин — классикалық садақ, U18;
🥈 Камар Рахымжан — классикалық садақ, U18.
Спортшыларымыз бен бапкерлер құрамын жүлделі нәтижелерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!





