Жаңалықтар
Астаналық спортшылар Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан халықаралық жарыста топ жарды

2026 жылдың 4–6 қыркүйек күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан AJP (Abu Dhabi Jiu Jitsu Pro) аясында AJP TOUR ASIA CONTINENTAL JIU-JITSU CHAMPIONSHIP 2026 – GI халықаралық жарысы өтті.
Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 Кемаль Рузахунов — 1-орын
73 кг, 16–17 жас санаты
🥇 Алима Жумадельдинова — 1-орын
63 кг, 16–17 жас санаты
🥉 Айзере Қанат — 3-орын
70 кг, ересектер санаты
Спортшылар жарыстың GI (кимоно) бөлімінде, AJP ережелері бойынша сынға түсті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!





