Жаңалықтар
Жансая Ахметова — самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері

2026 жылдың 2–4 қазан күндері Грекияның Салоники қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында самбодан әлем чемпионаты өтті.
Әлемдік додаға 40 елден 713 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшы Жансая Ахметова 72 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.
Астаналық спортшы мен бапкерлер құрамын жүлделі нәтижесімен құттықтаймыз!






