Жаңалықтар

Су добынан елордалық спортшылар Қазақстан құрамасы сапында Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагоядағы XX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Ақтық кездесуде Қазақстан құрамасы жарыс қожайыны Жапония командасымен кездесті. Тартысты өткен матчта жапондықтар 24:7 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Құрама сапында ел намысын елордалық спортшылар Балтабекұлы Әділ, Маркович Душан, Вуксанович Саджан және Вердеш Юлиан қорғады.

Қазақстан құрамасының жарыс жолы:

🔹 Қазақстан – Жапония — 11:19
🔹 Қазақстан – Гонконг — 29:15
🔹 Қазақстан – Таиланд — 21:6
🔹 Қазақстан – Оңтүстік Корея — 18:14
🔹 Қазақстан – Қытай — 11:10
🔹 Қазақстан – Жапония — 7:24

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button