Жаңалықтар

Елорда баскетболшылары Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

Астаналық баскетболшылар жастар командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші финалдық турында жеңімпаз атанды.

21–29 қыркүйек күндері Талдықорған қаласында жастар командалары арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионатының үшінші финалдық туры өтті.

Жарыс барысында Астана құрамасы төрт ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті:

🔹 23 қыркүйек — Астана – «Шымкент» — 84:47
🔹 24 қыркүйек — Астана – «Волна» (Павлодар) — 80:57
🔹 26 қыркүйек — Астана – Павлодар облысы — 122:61
🔹 27 қыркүйек — Астана – Жетісу облысы — 95:64

Осылайша елордалық команда чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана құрамасының ойыншылары жеке марапаттарға да ие болды. Шындос Жұмабай мен Илья Смирнов чемпионаттың үздік бес ойыншысының қатарына енді.

Сонымен қатар, Шындос Жұмабай, Бибарс Уббинияз және Еркебұлан Қанат белгіленген нормативтерді орындап, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болды.

Астана құрамасын, спортшылар мен жаттықтырушылар штабын чемпиондық жеңіспен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button