Жаңалықтар

Азия ойындарының қола жүлдегері Эвелина Костенконы Астанада қарсы алды

Бүгін Астана халықаралық әуежайында ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, елордалық спортшы Эвелина Костенконы салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Эвелина Костенко байдарка мен каноэде есу спортынан Қазақстан құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды. Елордалық спортшы 500 метр қашықтыққа байдарка-төрттіктен сынға түсті. Қазақстандық экипаж 1:37,005 нәтижесімен мәреге үшінші болып жетіп, жарыстың қола жүлдесін иеленді.

Эвелина Костенко үшін бұл — спорттық мансабындағы алғашқы Азия ойындары. Алғашқы Азиадасында жүлдеге қол жеткізіп, ел қоржынына медаль салды.

«Бұл менің алғашқы Азиадам болғандықтан, бұл медаль мен үшін ерекше қымбат. Әрине, жарыс алдында қобалжу болды. Дегенмен біз не үшін осындай үлкен жолдан өткенімізді және дайындық барысында қаншама еңбек сіңіргенімізді жақсы түсіндік. Алғашқы Азия ойындарымда жеңіс тұғырына көтеріліп, Қазақстанға медаль әкелгеніме өте қуаныштымын. Бізге қолдау көрсеткен жаттықтырушыларымызға, туған-туыстарымызға және жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Астанадағы жылы қарсы алу рәсімі ерекше әсер сыйлады. Бұл алдағы уақытта одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге үлкен мотивация береді», — деді Эвелина Костенко.

Спортшыны әуежайдан спорт саласының өкілдері, туған-туыстары, жақындары мен жанкүйерлері жылы қарсы алды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button