Жаңалықтар

Астаналық боксшылар халықаралық турнирде жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 13–20 қыркүйек күндері КСРО спорт шебері Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған XVIII халықаралық бокс турнирі өтті.

Халықаралық додада Астана қаласының боксшылары жоғары шеберлік танытып, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша елорда спортшыларының нәтижелері:

🥇 Ислам Бетаев — 85 кг салмақ дәрежесінде I орын;

🥇 Ильяс Жандау — 90 кг салмақ дәрежесінде I орын;

🥈 Бақберген Алиаскаров — 80 кг салмақ дәрежесінде II орын;

🥈 Темірлан Мұқатаев — 85 кг салмақ дәрежесінде II орын;

🥉 Даниял Райымбек — 90 кг салмақ дәрежесінде III орын;

🥉 Ринат Максутов — 50 кг салмақ дәрежесінде III орын.

Астаналық боксшыларды және олардың жаттықтырушыларын жүлделі нәтижелерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button