Аружан Сатова – жағажай самбосынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

12–13 қыркүйек күндері Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Карагуататуба қаласында әйгілі Индайя жағажайында (Indaiá Beach) жағажай самбосынан 2026 жылғы әлем чемпионаты өтті.
Биылғы әлем біріншілігін алғаш рет Бразилия қабылдады. Жарысқа әлемнің 24 елінен спортшылар қатысып, ерлер арасында 58, 71, 88 және +88 кг, әйелдер арасында 50, 59, 72 және +72 кг салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынды. Сонымен қатар, аралас форматтағы командалық сайыс ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Аружан Сатова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.
Ал командалық есепте Қазақстан құрамасы 3-орын иеленді. Құрама сапында Аружан Сатова да ел намысын қорғады.
Аружан Сатованы және оның бапкерлерін жоғары нәтижесімен құттықтаймыз!






