Әртістік жүзуден Азия чемпионаты аяқталды: елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті

2026 жылдың 22–25 шілде күндері Таиландтың Бангкок қаласында әртістік жүзуден жас ерекшеліктері бойынша XII Азия чемпионаты өтті.
12 елден 235 спортшы қатысқан құрлық біріншілігінде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына қоржынына 6 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль салды.
🥇 Алтын медаль иегерлері:
* Тахмина Заирова – 13–15 жас санатындағы міндетті бағдарлама (фигуралар);
* Айганым Саим, Макпал Калмурзаева – жасөспірімдер арасындағы техникалық бағдарлама;
* Алдияр Рамазанов, Ясмина Исламова – жасөспірімдер арасындағы еркін микс-дуэт;
* Айганым Саим, Макпал Калмурзаева, Алдияр Рамазанов, Ясмина Исламова – акробатикалық топтық бағдарлама;
* Тахмина Заирова – 13–15 жас санатындағы еркін топтық бағдарлама;
* Айганым Саим, Макпал Калмурзаева, Алдияр Рамазанов – жасөспірімдер арасындағы еркін топтық бағдарлама.
🥈 Күміс медаль иегерлері:
* Алдияр Рамазанов, Ясмина Исламова – техникалық микс-дуэт;
* Макпал Калмурзаева – техникалық дуэт;
* Алдияр Рамазанов – техникалық жеке бағдарлама.
🥉 Қола медаль иегерлері:
* Ясмина Исламова – еркін жеке бағдарлама.
Астана қаласының спортшылары Азия чемпионатында жоғары шеберлік пен дайындық деңгейін көрсетіп, Қазақстан құрамасының табысты өнер көрсетуіне зор үлес қосты.






