Жаңалықтар
Айбек Оралбай – Әлем кубогының жеңімпазы

Әлем чемпионы, аса ауыр салмақта басты фаворит саналатын Айбек Оралбай финалда Германия боксшысы Никита Путиловпен күш сынасты.
3 раундқа жалғасқан бәсекеде отандасымыз төрешілердің назарын аудартып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қос боксшы 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогының финалында да айқасып, Айбектің мерейі үстем болған еді.
🏆Отандасымыздың жарыстағы жолы:
✅1/2 финал. 🇧🇷Жоел Рамос – 3:2
✅1/4 финал. 🏴Мэтью Уильямс – 5:0
✅1/8 финал. 🇺🇸Нажай Райт – 5:0





