Жаңалықтар
VIII Халық ойындары: Астана ерлер құрамасы баскетболдан чемпион атанды

Түркістан қаласында өтіп жатқан VIII Халық ойындарында Астана қаласының ерлер құрамасы баскетболдан жоғары нәтиже көрсетіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Жартылай финалда елордалық спортшылар Жетісу облысының командасымен кездесіп, 21:10 есебімен сенімді жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Шешуші кездесуде Астана құрамасы Қарағанды облысының командасымен тартысты ойын өткізіп, 19:18 есебімен басым түсті. Осылайша елордалық баскетболшылар VIII Халық ойындарының чемпионы атанып, Астана қоржынына алтын жүлде салды.
Бұл жеңіс – қажырлы еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!






