Жаңалықтар

Елордалық спортшылар Халық ойындарында жоғары нәтиже көрсетуде

Бүгін, 14 маусым күні Түркістан қаласында өтіп жатқан VIII Халық ойындарының екінші жарыс күні жалғасуда.

Астана қаласының спортшылары бірқатар спорт түрлерінен сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Асық атудан елордалық команда Қарағанды облысының құрамасын 2:1 есебімен жеңсе, Батыс Қазақстан облысының спортшыларынан 3:0 есебімен басым түсті.

Бес асық сайысында да астаналықтар қарсыластарына мүмкіндік бермей, Шығыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысының командаларын 3:0 есебімен ұтты.

Үстел теннисінен Астана құрамасы Павлодар облысының командасын 6:3 есебімен жеңді. Бүгін сағат 16:00-де елордалық спортшылар финал жолдамасы үшін Шымкент қаласының құрамасына қарсы ойнайды.

Тоғызқұмалақтан үшінші тур қорытындысы бойынша астаналық спортшылар 11 ұпай жинаса, төртінші турдан кейін қоржындарына тағы 13 ұпай қосты.

Гір спортынан елордалық спортшылар жарысты 7-орынмен аяқтады. Команда жарыс барысында тартысты бәсекеде өнер көрсетіп, VIII Халық ойындарының қорытындысы бойынша үздік жетілік қатарынан көрінді.

VIII Халық ойындары жалғасуда. Елордалық спортшылар алдағы жарыстарда да жүлделі орындар үшін бақ сынайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button