Жаңалықтар

Спорт саласы мамандарына Конституциялық өзгерістердің маңызы түсіндірілді

Бүгін, 9 маусым күні, Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының басшысы Ержан Эрикович Алиевтің бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған ресми жиын өтті.

Іс-шараға Астана қаласының спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушылары қатысып, конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен мазмұны жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

Жиын барысында дирекция заңгері Ерулан Абдиханович Айдаров Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәні мен маңызына кеңінен тоқталып, олардың қоғам өміріндегі рөлі туралы баяндады. Сонымен қатар, конституциялық жаңашылдықтардың дене шынықтыру және спорт саласының дамуына тигізетін ықпалын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button