Жаңалықтар
Елорда боксшысы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

Алматы қаласында Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өз мәресіне жетті.
23–30 мамыр күндері өткен дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай елдерінен келген 126 былғары қолғап шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Ислам Бетаев 85 келі салмақ дәрежесінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.



