Жаңалықтар

Астана спортшылары белбеу күресінен Қазақстан чемпионатында жүлделі болды

14–17 мамыр күндері Алматы облысы, Іле ауданында 2006–2008 жылы туған жастар арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 17 команда қатысып, алғашқы күні еркін стильде 170 спортшы, екінші күні классикалық стильде 135 спортшы бақ сынады.

Елордалық балуандар жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлдеге қол жеткізді.

🥇 Алтын медаль иегерлері:
* Талғат Марғұлан — 60 кг, еркін стиль
* Жиенбаева Айша — 55 кг, еркін стиль
* Жомартова Марзия — 60 кг, еркін стиль

🥈 Күміс жүлдегерлер:
* Нұржанұлы Еламан — 100 кг, классикалық стиль
* Айтхожа Жансая — 70 кг, еркін стиль

🥉 Қола жүлдегерлер:
* Нұржанұлы Еламан — 100 кг, еркін стиль
* Смбек Болатхан — 80 кг, еркін стиль

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button