Жаңалықтар

Астана балуандары еркін күрестен Қазақстан кубогінде үздіктер қатарынан көрінді

15–17 мамыр күндері Алматы қаласында еркін күрестен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Елордалық балуандар ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

🥇 97 келі салмақта Ризабек Айтмұқан чемпион атанды.

🥈 Күміс жүлдегерлер:
* Адиль Аубакиров — 125 кг
* Абзал Өкенов — 57 кг

🥉 97 келі салмақта Бекзат Үркімбай қола медаль жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының құрамасы командалық есепте 3 орынға ие болды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button