Жаңалықтар

Тарихи жеңіс: Қазақстанның U18 ерлер құрамасы алғаш рет Орталық Азия чемпионы атанды

Қазақстанның жастар арасындағы ерлер волейбол құрамасы CAVA U18 чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ұлттық құрама турнир барысында жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, алғаш рет Орталық Азия чемпиондары атанды.

Ел намысын қорғаған команда сапында Астана қаласының спортшылары да өнер көрсетті. Атап айтқанда:

Қали Темірлан
Наурызбай Расул
Данабек Нұрсұлтан
Асылхан Ерсін

Жас волейболшылардың жеңісіне бас бапкер Олжабаев Дулат жетекшілік етті.

Бұл жетістік — қазақстандық волейбол үшін маңызды тарихи белес. Спортшыларымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button