Астана қаласының спортты дамыту дирекциясында есеп беру жиыны өтті

Бүгін, 29 сәуір, Астана қаласының спортты дамыту дирекциясында 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша есеп беру жиыны өтті.
Жиын барысында Спорттық бөлім басшысы Успанов Тасқын Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының басшысы Ержан Эрикович Алиев алдында 2026 жылдың І тоқсаны бойынша есеп беріп, 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырмалы талдау ұсынды. Ол өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстарды қорытындылап, негізгі көрсеткіштер мен жетістіктерге тоқталды, сондай-ақ алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, мекеме дәрігері Ирманова Алия да І тоқсан қорытындысы бойынша баяндама жасап, спортшылардың медициналық бақылауы мен денсаулық көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынды.
Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, спорт саласын одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар пысықталды.






