Астана жүзушілері ел чемпионатында топ жарды

2026 жылдың 22–26 сәуір күндері Астана қаласында 2010 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігінде Астана қаласының жас спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жарысты айқын басымдықпен аяқтады. Төрт күндік бәсеке қорытындысы бойынша елордалық жүзушілер ондаған жүлде иеленіп, командалық есепте 1-орынды жеңіп алды 🏆
🥇 Алтын жүлдегерлер:
* Құдасов Ерназар — 200 м еркін стиль, 200 м арқамен жүзу, 1500 м еркін стиль, 100 м арқамен жүзу, 400 м еркін стиль
* Макулжанова Малика — 50 м баттерфляй
* Миронычев Александр — 50 м баттерфляй, 100 м баттерфляй, 100 м еркін стиль, 50 м еркін стиль
* Нұрлыбекова Ханзада — 400 м кешенді жүзу, 100 м баттерфляй, 200 м баттерфляй
* Нұрумбаев Арсен — 400 м кешенді жүзу, 200 м кешенді жүзу
* Ерлан Жания — 200 м кешенді жүзу
Эстафеталар:
* 4×100 м еркін стиль (ұлдар): Слугин Александр, Фельде Гордей, Құдасов Ерназар, Миронычев Александр
* 4×200 м еркін стиль (қыздар): Қонысбаева Адель, Даниялова Дильда, Ерлан Жания, Нұрлыбекова Ханзада
* 4×200 м еркін стиль (ұлдар): Фельде Гордей, Слугин Александр, Нұрумбаев Арсен, Құдасов Ерназар
* 4×100 м кешенді жүзу (аралас): Нұрлыбекова Ханзада, Нұрумбаев Арсен, Миронычев Александр, Ерлан Жания
🥈 Күміс жүлдегерлер:
* Нұрлыбекова Ханзада — 50 м баттерфляй
* Архипова Александра — 100 м брасс
* Нұрумбаев Арсен — 100 м брасс, 50 м брасс, 200 м брасс
* Ерлан Жания — 400 м кешенді жүзу, 100 м еркін стиль
* Макулжанова Малика — 50 м еркін стиль
* Қаирова Айдана — 200 м брасс
* Фельде Гордей — 400 м еркін стиль
* Қонысбаева Адель — 200 м баттерфляй
🥉 Қола жүлдегерлер:
* Құрманғали Айша — 200 м еркін стиль
* Бектембай Данияр — 200 м еркін стиль, 200 м арқамен жүзу, 400 м кешенді жүзу, 200 м кешенді жүзу
* Слугин Александр — 50 м баттерфляй, 100 м еркін стиль, 50 м еркін стиль
* Даниялова Дильда — 400 м кешенді жүзу, 200 м кешенді жүзу
* Фельде Гордей — 1500 м еркін стиль
* Ерлан Жания — 200 м брасс
Эстафеталар:
* 4×100 м еркін стиль (қыздар): Құрманғали Айша, Макулжанова Малика, Нұрлыбекова Ханзада, Ерлан Жания
* 4×100 м кешенді жүзу (қыздар): Нұрлыбекова Ханзада, Архипова Александра, Қонысбаева Адель, Ерлан Жания
Үздік спортшылар:
* Еркін стиль (спринт) — Миронычев Александр
* Баттерфляй — Миронычев Александр
* Арқамен жүзу — Құдасов Ерназар
* Ұзақ қашықтықтағы еркін стиль — Құдасов Ерназар






