Жаңалықтар
Нұржан Батырбеков – Азия жағажай ойындарының чемпионы

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында Астана қаласының спортшысы, Қазақстан құрамасының мүшесі Нұржан Батырбеков алтын медаль жеңіп алды.
Джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Джэёнмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Нұржан Батырбеков құрлықтық додада ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан қоржынына алтын жүлдені салды.
Спортшымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
📸 Никита Басов


