Жаңалықтар

Эстонияда елордалық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді

2026 жылдың 26–29 наурыз аралығында Эстония астанасы Таллин қаласында еркін күрестен жастар (U-20) арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

Аталған жарыста әйелдер күресі бойынша ел намысын қорғаған астаналық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 Дауылқызы Динара – 53 кг
🥉 Жарқынбаева Қызжібек – 65 кг

Спортшыларымыз халықаралық аренада өз шеберліктерін дәлелдеп, ел қоржынына жүлде салды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button