Жаңалықтар
Астаналық мергендер ҚР кубогінің I кезеңінде жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 22–28 наурыз күндері Шымкент қаласында садақ атудан Қазақстан Республикасы кубогінің I кезеңі өтті. Аталған жарыста еліміздің үздік спортшылары бақ сынап, жеке және командалық сындарда мықтылар анықталды.
Астана қаласының спортшылары жарыс барысында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Жеке есеп бойынша:
🥇 Кабдрахманов Алемхан – классикалық садақ, U21
🥇 Калымканов Алимжан – блокты садақ, ерлер
Командалық есеп бойынша:
🥈 Калымканов Алимжан
🥈 Әсет Адемир
🥈 Сейданов Рустем – блокты садақ, ерлер
Аралас командалар:
🥉 Қамар Рахымжан
🥉 Мұсабек Дәмелі – классикалық садақ, U21






