Жаңалықтар
Астаналық спортшы халықаралық турнирде алтын алқа тақты

2026 жылдың 25–26 наурыз күндері Қырғызстанның Бішкек қаласында ересектер арасында Баяман Эркинбаев атындағы белбеу күресінен Гран-При халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарысқа 6 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысып, еркін және классикалық стильдер бойынша өзара мықтыларды анықтады.
Турнир қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Жомартова Мадина 55 кг салмақ дәрежесінде еркін стильде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды.
Спортшымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!





