Жаңалықтар

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін, 2026 жылдың 20 наурызында Астана қаласында шорт-тректен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне барлығы 120 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күні елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта өнер көрсеткен Ермек Малика топ жарып, алтын медаль иеленді.

Ерлер арасында 1500 метрде астаналық спортшылар жүлде тұғырын толық иеленді:
🥇 Богдан Вехов – 1 орын
🥈 Әділ Ғалиахметов – 2 орын
🥉 Айбек Насен – 3 орын

Чемпионат 22 наурызға дейін жалғасады. Алдағы жарыс күндері спортшылар өзге қашықтықтар бойынша үздіктерді анықтайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button