Жаңалықтар

Астаналық муайтайшылар Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

2026 жылдың 10–20 наурыз аралығында Тайланд елінің астанасы Бангкок қаласында муайтайдан Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 31 мемлекеттен 450-ден астам спортшы қатысты.
Бұл халықаралық жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар бірнеше жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Алтын медаль иегерлері:
•Жарекеев Кайратбек (91 кг, ересектер санаты) – чемпиондық белбеу иегері
       • Аманов Ади (12–13 жас, 33 кг)
•Аубакиров Арлан (12–13 жас, 35 кг)
•Байшулак Мустафа (14–15 жас, 45 кг)
•Серік Кайрат (14–15 жас, 57 кг)
🥈 Күміс жүлдегерлер:
•Ерман Ернур (14–15 жас, 57 кг)
•Калкен Асанали (10–11 жас, 26 кг)
•Ергешев Наиль (12–13 жас, 51 кг)
🥉 Қола жүлдегерлер:
•Ералхан Сағындық (16–17 жас, 63,5 кг)
•Грибанов Радмир (16–17 жас, 57 кг)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button