Жаңалықтар
Астаналық су добы спортшылары Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 6–16 наурызы аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында су добынан U-18 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық додаға Азия елдерінің үздік жас спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Астана қаласының спортшылары да өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан қыздар құрамасы күміс медальға ие болып, 2-орынды иеленді. Құрама сапында ел намысын қорғаған елордалық спортшылар:
•Каримова Дарина
•Амангельдиева Адия
•Нұрлан Алима
Ал ерлер құрамасы тартысты ойындардың нәтижесінде қола жүлдені жеңіп алып, 3-орынды иеленді. Құрама сапында өнер көрсеткен астаналық спортшылар:
•Әбілқасым Рамазан
•Умергалиев Арыстан
•Бимжанов Азат
•Талипов Асанәлі
•Кожахметов Бакытжан
•Бакиянов Алмас
•Сарсекеев Данияр
Азия чемпионатында жүлделі орындарды иеленген астаналық спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық деңгейде жоғары дайындықтарын көрсетті. Құттықтаймыз!






