Жаңалықтар

Еркін күресте ерлік танытқан елордалықтар

2025 жылдың 1–8 желтоқсаны аралығында Алматы қаласында ересектер арасындағы еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Додаға еліміздің өңірлерінен 20 команда, барлығы 289 балуан қатысып, мықтылар анықталды.

Елорда спортшылары байрақты бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, келесі орындарға ие болды:

🥇 Үркімбай Бекзат — 97 кг, 1-орын
🥉 Өкенов Абзал — 57 кг, 3-орын
🥉 Нұрғайпұлы Нұрғали — 92 кг, 3-орын
🥉 Надиров Омархан — 125 кг, 3-орын

Астаналық балуандар намысты қолдан жібермей, күш-қайрат пен шеберлікті үйлестіре білді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button