Жаңалықтар
Ел намысын асқақтатқан чемпион Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы басшысымен кездесті

Бүгін Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының басшысы Алиев Ержан Эрикович Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы, астаналық жүзгіш Әділбек Мусинді арнайы қабылдады.
Халықаралық додада спортшымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
•50 метр баттерфляй әдісінде — алтын медаль,
•100 метр баттерфляй дистанциясында — күміс жүлде,
•Еркін стильдегі командалық эстафетада:
* 100 метр – күміс,
* 200 метр – күміс,
•100 метр командалық кешенді жүзу эстафетасында — тағы бір күміс медаль.
Кездесу барысында Ержан Эрикович спортшының қажырлы еңбегін, табандылығын ерекше атап өтіп, алдағы халықаралық жарыстарда да үлкен үміт артатынын жеткізді.




