Жаңалықтар
Астана шорт-трекшілері Италияда үздік үштікке енді

Ағымдағы жылдың 26 қараша – 1 желтоқсан күндері Италияның Бормио қаласында өткен ALTA VALTELLINA TROPHY халықаралық жарысында елордалық шорт-трекшілер өз шеберліктерін ортаға салып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.
5000 метрлік ерлер эстафетасы бойынша Астана қаласы командасының спортшылары – Каирбеков Нурлан, Жанисов Санжар және Тажибай Динмухамедалдияр мықты қарсыластармен сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды.




