Жаңалықтар

Астана қаласы Спортты дамыту дирекциясында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті

2025 жылдың 10 шілдесінде Астана қаласының Спортты дамыту дирекциясында «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары» тақырыбында жиын өтті.

Іс-шараға Астана қаласы Дін істері басқармасының өкілдері қатысып, мекеме қызметкерлеріне дәріс оқыды. Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың таралу тәсілдері мен алдап-арбау кезеңдері туралы кеңінен түсіндірілді.

Дәріс соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша пайдалы ақпарат алды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button