Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ: АСТАНАДА 70-КЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ

Астанада 1 мамырда атап өтілетін Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай 70-ке жуық іс-шара өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін барлық төрт ауданда, ашық алаңдарда мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, интерактивтер ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

29 сәуірде Сарыарқа ауданының 25 жылдығына және Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай елорда тұрғындары арасында спартакиада өтеді. Жазушылар аллеясында этномәдени бірлестіктердің, мәдениет және білім беру объектілерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.

Түрлі іс-шаралар 1 мамырға жоспарланған. Сағат 11:00-де Жазушылар аллеясында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді. Ал Триатлон саябағында этномәдени бірлестіктер мен елшіліктердің өкілдері салтанатты түрде ағаш отырғызады. Мұнда көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, спорттық-бұқаралық іс-шараларды EXPO халықаралық көрме орталығының, «Ататүрік», «Көктал» саябақтарының, «Қазақ елі» монументінің маңында өткізу жоспарланған. Қала тұрғындары ұлттық спорт түрлері бойынша, оның ішінде асық ату, армрестлинг, арқан тарту және гір көтеру бойынша жарыстарға қатыса алады.

Триатлон саябағында спортсүйер қауымды мерекелік марафон күтіп тұр.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button