Жаңалықтар

Қысқы спартакиада басталды

Алматыда V Қысқы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Төрт жыл сайын өтетін байрақты бәсеке биыл тұңғыш рет бір ғана қалада ұйымдастырылып отыр. Оған еліміздің барлық өңірінен 1300-ге жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 14 түрінен сайысқа түседі. Жалпы қысқы спортты дамыту үшін ең алдымен спартакиаданың деңгейін көтеру қажет. Бұрындары ұлттық құрама мүшелері бұл жарыс аса мән бермесе, биылғы додаға Нұрберген Жұмағазиев пен Аяна Жолдас, Денис Кузин мен Павел Колмаков және Федор Мезенцев секілді халықаралық аренада жүлде алып жүрген қыз-жігіттер қатысады. Жарыстар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен «Алматы Арена» және «Халық Арена» мен «Сұңқар» трамплин кешені, «Медеу» мен «Шымбұлақ», сондай-ақ «Ақбұлақ» шаңғы базаларында өтеді. Спартакиада 27 желтоқсанға дейін болады. Мұндағы мақсат салауатты өмір салтын насихаттап, халықаралық жарыстардың, оның ішінде қысқы олимпиада алдындағы дайындықты пысықтау.

«Біздің елімізде қысқы спорт түрлерін дамытуға барлық жағдай бар. Өкінішке орай, әлде де жергілікті жерлерде осы бағытқа онша көңіл бөлінбейді. Міне, бүгінгі шара  әрі қарай қысқы спортты дамытуға, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосады деп ойлаймын. Сондықтан 2022 жылғы олимпиаданың алдында жылды қортындылап, өңірлерде қысқы спорт түрлерінің дамуы қандай деңгейде екенін осы спартакиада қортындысы дәледеп береді» – дейді Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button