Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы «Nur-Sultan Jastar Fest» спорттық фестиваль жарысы жол тартты.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы «Nur-Sultan Jastar Fest» спорттық фестиваль жарысы жол тартты. ҚР Мәдениет және спорт министрінің жолдаған аталмыш фестивалі еліміздің басқа да қалаларында жалғасын таппақ. Әрине, кез келген спортсүйер қауым үшін мұндай бәйгелік іс-шараның беретін мүмкіндіктері, тәжірбие мен қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз. Ал бүгін мына спорт түрлері бойынша жарыстың жеңімпаздары анықталды:  арқан тартыс, асық ату, гір спорты, қол күресі, грэпплинг, шағын футбол, стритбол, ВМХ және т.б спорттың 10 түрінен ұйымдастырылып өтті. Оның ішінде, «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінен қол күрес шеберлері бақ сынасуға тіркелген қатысушылар арасында мықтыларды анықтады. Фестиваль соңында Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы бекіткен кубогтар мен диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button