Бас қала ескекшілері Азия чемпионатында жарқын жеңіске жетті

2026 жылдың 4–7 маусым күндері Түркістан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Құрлықтың үздік спортшылары бақ сынаған байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 6 алтын және 3 күміс медальдар салды.
Костенко Эвелина жарыстың басты жеңімпаздарының бірі атанып, үш алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Ол К-1 байдаркасында 200 және 500 метр қашықтықтарда Азия чемпионы атанса, Прибыткова Анастасиямен бірге К-4 экипажы құрамында 500 метр қашықтықта алтын медаль иеленді. Сонымен қатар К-2 байдаркасында 200 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізді.
Прибыткова Анастасия чемпионатты бір алтын және бір күміс медальмен аяқтады. Ол К-4 құрамында чемпион атанып, К-2 жарысында екінші орынға ие болды.
Ерлер арасында Иман Нуртилек пен Канекен Мадияр К-4 байдаркасымен 500 метр қашықтықта Азия чемпионы атанды.
Сондай-ақ Краснонос Егор К-2 байдаркасында 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алып, К-4 экипажы құрамында 1000 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болды.
Ал Горбов Юрий С-4 каноэ экипажында 500 метр қашықтықта екінші орын алып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Осылайша Астана қаласының спортшылары Азия чемпионатында жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Елордалық спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!




