Жаңалықтар
Дзюдодан КСРО Спорт шебері М.Чегеевті еске алуға арналған, ерлер мен әйелдер арасында Халықаралық турнир.
21-23 қыркүйек Өскемен қаласында дзюдодан КСРО Спорт шебері М.Чегеевті еске алуға арналған, ерлер мен әйелдер арасында Халықаралық турнир өтті. Жарысқа 5 мемлекеттен және Қазақстанның барлық облыстарынан 400-ге жуық спортшылар қатысты. Толағай дзюдошылары Астана қаласының намысын қорғап 4 жүлдеге ие болды. Өз салмақ дәрежелерінде: Науатбек Ақмарал – 2 орын, Хабі Алтынай – 3 орын, Елубай Нұрбол – 3 орын, Абдумалик Мұхтар – 3 орын.
Спортшыларды және жаттықтырушылары Данияров Болат Мырзағазыұлы, Аширов Ахат Сенорұлы және Омаров Марат Саруарұлын құттықтаймыз!