Жаңалықтар
Дзюдодан астаналық спортшы Еуропа кубогінде қола жүлде иеленді

2026 жылдың 26 наурызында Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Еуропа кубогі халықаралық жарысы басталды. Аталған додаға 32 елден 305 спортшы қатысып жатыр.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Тұрсынақынова Толқын 78+ келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға тұрақтап, қола медаль жеңіп алды.
Жарыс 31 наурызға дейін жалғасады.
Ел намысын абыроймен қорғаған спортшымызды құттықтаймыз!




