Мақсат Сайлау грек-рим күресінен Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған U20 жас арасындағы халықаралық турнирінде 87 келі салмақта жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды.
Және де 63 келі салмақта бой көрсеткен спортшымыз Бағдат Сабаз қоржынға қола салды.
Атаулы аламан 3-5 мамыр аралығы Нұр-Сұлтан қаласы 2002-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында өтті.
Турнирге ел бойынша 17 өңір мен ТМД елдерінен кіл мықтылары қатысты. Атап айтқанда Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран және т.б. елдерінен 250 астам палуан. Нәтижесінде жеңіске жеткендер
арнайы дипломдар мен медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.