АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ 2024 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ СТАРТЫНА ШЫҚТЫ
11-19 маусым аралығы Көкшетау қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейін жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР чемпионаты өтті.
Аталған бәсекеде ел мақтанышы Едіге Емберді (81кг) алғашқы стартын бастады.
Нәтижесінде серпе көтеруден 180 келіні бағындырып алтын,
жұлқа көтеру бойынша 137 келіде – қола, қоссайыс нәтижесі бойынша 317 келі көтеруде күміс медальға ие болды.
Айта кетейік, әлемнің екі дүркін чемпионы 2023 жылы Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен әлем чемпионатында жарақатпен бәсеке алаңына шығып үздік нәтиже көрсеткен болатын. Ел намысын абыроймен атқарған палуанымызға тізе жарақатына байланысты операциясы жасалынып, қалыпқа келу мерзімін аяқтады.
Сондай-ақ, ел чемпионатында Астана құрамасы қатарынан Аңсар Тұрсымбек – 102 келі салмақ дәрежесінде:
жұлқа көтеру -3 орын, серпе көтеру – 2 орын, қоссайыс нәтижесі бойынша – 2 орын нәтижелерін көрсетті.
Жарысқа еліміз бойынша 16 командадан 137 ұл және 70 қыз қатысты.