Жаңалықтар
Астаналық пара дзюдошылар елге оралды
Азия Пара ойындарының жеңімпаздарын кеше елордадағы халықаралық әуежайдан сән салтанатпен күтіп алдық.
Қытай төріндегі Азия Пара ойындарында 20-ға жуық пара дзюдошыларымыз өнер көрсетіп, 3 «алтын», 4 «күміс» және 7 «қола» жүлдеге ие болды. Олардың ішінде елорда спортшыларының сапынан Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Азия Пара ойындарында тарихи бірінші алтынды әперді. Сондай-ақ, J1 санатындағы Ерғали Шамей 73 келіде қарсылас шыдатпады. Ал Асылан Нұрдаулетов күміс жүлдеге қол созса, Бауыржан Арстанбеков 3-орынға ие болды.
Пара дзюдодан ұлттық құрама командасы Азия пара ойындарында медальдік есепте 2-ші орынға орнықты. Бірінші орында 5 «алтын», 2 «қола» және 4 «күміс» медальмен Қытай елі тұрса, үшінші орынға 2 «алтын» 1 «күміс» 3 «қола» медальмен Иран елі тұрақтады.
Айта кетейін, Қазақстан құрамасы бұған дейін 2014, 2018 жылдары тек пара жүзу спортында ғана алтын алған еді.