Әйелдер күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы 2 алтын, 2 қола жүлдемен командалық есепте 3 орынға ие болды.
Бүгін жарыстың екінші күні де елордалық бұрымды палуандар олжалы болды.
72 кг салмақ дәрежесінде Жамила Бақбергенова қарсыластарын ойсырата жеңіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, 53кг дейінгі салмақта Жұлдыз Эшимова қола медальға ие болды.
Байрақты бәсекеде барлығы 15
мемлекеттен 70 астам күрес шеберлері қатысты. Қорытындысы бойынша бозкілем иелері (Моңғолия) екінші орынға жайғасса, Жапоня елі спортшылары көш бастады.
Айта кетейік, аламанның алғашқы күні спортшымыз Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарған болатын. Және де жерлесіміз Гүлмарал Еркебаева (Алматы облысы) да қола жүлдеге қол созды.