Жаңалықтар

Лизенциялық турнирлерге дайындық

Шорт трек шеберлерінен тарихи жеңіс күтеміз. Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз-жігіттер олимпиадаға кешенді дайындықты бастады. Алдымен лицензиялық турнирлерге қатысу қажет. Одан кейін Бейжіңдегі қысқы ойындарға аттанып, жүлдеге таласып көреміз дейді бас бапкер.

Ұлттық құрама дәіл қазір елордадағы « Алау» мұз сарайында соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Бірер күннен кейін Бейжің қаласына аттанып, әлем кубогына қатысады. Одан кейін тағы 3 жарыс бар. Яғни, әлемдік аламанның қалған кезеңдері Жапония, Голландия және Мажарстанда өтеді. Соның нәтижесінде, олимпиада жолдамалары таратылады. Жерлестеріміз оның 10-ын иеленбек. Жоспар сондай.

Айта кетейік, ұлттық құрама соңғы олимпиадаға да 10 жолдама жеңіп алған. Биылғы мақсат – содан кем түспеу керек. Ал, медальға қатысты сұрағыма бас бапкер мырс етті. Бәрімізге белгілі ұлттық құрама үнемі жүлдеге сәл жетпей тоқтайды. Сочи олимпиадасының эстафетасында 5-ші, Пхенчханда 6-шы орынға тұрақтап ек.  Енді мүмкіндікті мүлт жібермейміз дейді.

Ұлттық құрамада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бір қуанарлығы  – Абзал Ажғалиев қайта оралған. Ол жарақатына байланысты жылдан аса уақыт спорттан қол үзіп қалып ед. Қазір толық бапқа келдім дейді. Бұл жігітке үлкен үміт артылып отыр. Оны Абзал да жақсы түсінеді.

Олимпиадаға жолдама алғандардың  нақты тізімі желтоқсанның соңынап қарай белгілі болады. Ал, Бейжіңдегі ойындардың өзі тура 4 айдан кейін, яғни, ақпанның 4-інде басталады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button