Жаңалықтар

Қазақ күресі шеберлері бас қосты

Елордадағы оқу-жаттығу жиынына барлық өңірдің өкілдері келді. Сөздің шыны керек, жігіттер сәл саябырсып қалған. Салмақ қосқандары да бар. Жалпы карантин кім-кімге де оңай тимегені анық. Сондықтан, оқу-жаттығу жиыны қарапайым әдістерді қайталаудан басталды. Бұндайда бірден үлкен жүктеме беруге болмайды дейді басы-қасына жүргендер. Қайта қалыпқа келу процесі кезең-кезеңмен жүзеге асуы қажет.

Негізі, кілемдегі күрестің жөні бөлек қой. Бұған дейін санитарлық мамандар үй жағдайында не ашық аспан астында дайындалуға рұқсат беріп келген. Бірақ, ол залдағы дайындықтықты алмастыра алмайды. Ал, сол залға ел үздіктерінің, яғни, ең мықтылардың басы қосылып  жатса бұл, тіптен, керемет атмосфера дейді жаттығу жиынына қатысушылар.

10 күндік оқу-жаттығу жиыны физикалық және психологиялық тұрғыда қалыпқа келудің кіріспесі ғана. Одан кейін арнайы және жауынгерлік дайындық бар. Олар оңтүстік өңірлерде өтеді. Қалай болғанда да мұз орнынан қозғалды. Араға осынша уақыт салып болсын жаттығу жұмыстары қайта жанданғаны қуантады.

Өкініштісі сол, жарыстар кестесі белгісіз. Биыл короновирусқа қатысты көптеген турнир өтпей қалды. Тіпті, республикалық және халықаралық деңдейдегі байрақты бәсекелер түгелдей тоқтатылды. Енді олардың қашан өтетіні де белгісіз. Ал, спортшылар үшін, әсіресе, кәсіпқой спортшылар үшін оның маңызы ерекше. Өйткені, дәл осындай жаттығу жұмыстарын нақты мақсатсыз, яғни, жарыс кестесін білмей ұйымдастыру қиындау. Сондықтан, бұл мәселе де жақын болашақта өзінің оң шешімін табады деген үміттеміз.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button